«2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 12 тамыздағы № 331 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «2010 - 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
«қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған» деген тараудағы:
«1-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын;
«2-сынып» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 10-11-жолдар алынып тасталсын;
«3-сынып» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдағы «Автор(лар)ы» деген баған жаңа редакцияда жазылсын: «Г. Уәйісова, Ә. Жұмабаева»;
реттік нөмірі 7-жолдағы «Автор(лар)ы» деген баған жаңа редакцияда жазылсын: «Г. Бадамбаева, М. Тюлебаева»;
«3-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 26-39-жолдармен толықтырылсын;
«5-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 22-43-жолдармен толықтырылсын;
«6-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірі 23-жолмен толықтырылсын;
«7-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 24-26-жолдармен толықтырылсын;
«8-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 62-67-жолдармен толықтырылсын;
«9-сынып» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 97-100-жолдармен толықтырылсын;
«10-сынып» «қоғамдық-гуманитарлық бағыт» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 30-87-жолдармен толықтырылсын;
«10-сынып» «жаратылыстану-математикалық бағыт» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 27-76-жолдармен толықтырылсын;
«11-сынып» «қоғамдық-гуманитарлық бағыт» деген кіші бөлім реттік нөмірлері 74-75-жолдармен толықтырылсын;
«орыс тілінде оқытатын мектептер үшін» деген бөлімде: